“Айқап” – ұлттық бейресми басылым
“Айқап” журналының қазақ публицистикасындағы алатын орны
“Айқап” – қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің түйткілді мәселелерін сөз еткен журнал, һәм халық үні. 1911-1915 жылдары үздіксіз жарыққа шығарылған журнал, бастапқыда жәрдемдесушілердің көмегімен, сосын өз қаржысына шығып тұрған.
“Айқап” журналының шығу тарихын зерттеген профессор Х.Бекхожин былай дейді: “Қазақ халқының мәдени өмірінде ХХ ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі – “Айқап” журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. “Айқап” өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уалихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды”. Қазақ публицистикасының сатылай дамуына...