“Абай” журналы және Мұхтар Әуезов
Қазіргі таңда, өткеннің еншісінде “Абай” журналы қазақ баспа ісінде ерекше ойып алар орны бар журнал деп атасақ қателескеніміз емес.Өйткені, осы журналдың шығу тарихы,қабырғасының қалануы жайлы ақпараттар мен зерттеулер бүгінгі күнде өте аз.Соған қарамастан, бұл журнал туралы көптеген деректерді қазақ баспасөзін зерттеуші зиялы тұлғалардың мақалаларынан іздестіріп табуға болады. 1914 жылы әдеби бағыттағы “Абай” журналын жарыққа шығару туралы қазақ зиялыларының арасында көптеген пікірлер айтылады.Сол жылы Семейде өткен ірі жиналыста,ақын Абайдың дүниеден озғанына 10 жыл толуына байланысты журналды жарыққа шығару туралы шешім қабылданған болатын.Өкінішке орай,қазақтарға деген Ресей үкіметінің отарлау саясатының үдеуіне байланысты және бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы сынды себептерден журналдың алғашқы басылымдары жарық...