Черногорияда президент сайлауының екінші кезеңіне өткен кандидаттар анықталды
БЕЛГРАД. АНАДОЛУ – ҚазАқпарат – Черногорияның іс басындағы президенті Мило Джуканович және «Еуропа қазір» қозғалысының өкілі Яков Милатович президент сайлауының екінші кезеңіне өтті. Мониторинг (CеMI) орталығы жексенбі күні еxit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.