Атыраулық оқушы қыз асау үйретіп, ат үстінен садақ атады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық мектеп оқушысы Дария Болат асау үйретіп, ат үстінен садақ атады. «Жаужүрек мың бала» киносын көргеннен кейін әке-шешесінің қолдауымен тай сатып алған. Өзі қолға үйреткен тайды бәйгеге қосқан. Қазір бәйге, қыз қуу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлеріне қатысып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.