Стресс және дағдарыс.Стресс неден туындайды?
Мазасыздық пен алаңдаушылық туғызатынның барлығы стресс көзі болып саналады.Стресс пен дағдарыс кез келген адамға әсер етуі мүмкін.Ал,сіздің бойыңызды стресс билей ме?
Стресс - қатты күйзелу, абыржу, ағзаның қиын жағдайларға қайтаратын жауабы.Стресс жалғыздық пен оқшаулық,уайым-қайғы ,жақыныңнан айырылу секілді себептерден туындайды.
Дененің стресске қайтаратын жауаптары алуан түрлі болады.Олардың физикалық белгілерін қарастырайық.
Ең жиі кездесетін белгілер:бастың ауыруы,іштің ауыруы,иық пен арқадағы ауырлық сезімі,жүректің қатты соғуы,кіші дәретке жиі баруды қажетсіну,тәбеттің жоғалуы немесе артық тамақтану,ұйқының бұзылуы.
Егер сізде бұл белгілер жиі қайталанса арнайы мамандарға жүгінуге болады.
Және де стресстен толық қашып құтылуға болмайды,оның пайдасы да шамалы.Адам ағзасына белгілі бір стресс мөлшері қажет.Ол адамды қиын жағдайларға төтеп беруге бейімдеп,өз-өзіңді дайындауға көмектеседі.
Дағдарыс-кенеттен, мүлдем күтпеген жерден тығырыққа тірейтін жағдайлар мен оқиғаларға жауап қайтару.
Дағдарыс көбіне өткінші болады.Яғни бір қиын...