Германия қазағы Садие Сурер: Мақсатымыз – көйлек-шапан киіп, өлең айту емес
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы мамыр айында Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы өткелі отыр. 26-28 күндері өтетін бұл жолғы жиынға 30-ға жуық қазақ ұйымының өкілдері қатыспақ. Осы орайда, осы жылғы құрылтайдың негізгі ұйымдастырушысы – Кёльндегі қазақ ұйымының Төрайымы Садие Сурермен сұхбат құрған едік.