Арбадағы спортшылар Астанадағы бочча чемпионатына жиналды
Астанада боччадан ұлттық құрамаға ойыншы іріктейтін чемпионат өтті. Бірнеше өңірден келген арбадағы спортшылар төрт күн бойы сайысты. Паралимпиадалық ойынның осы бір түріне қызығатындар, жаттықтырушының сөзінше, жыл сайын артып келеді.