Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июнь
2023

Алматыда апелляция Қаңтарда қаза тапқан бес адамға шыққан айыптау үкімін өзгертпеді

0
Алматыда апелляция Қаңтарда қаза тапқан бес адамға шыққан айыптау үкімін өзгертпеді

Бүгін, 14 маусымда Алматы қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде қала орталығында оққа ұшып қаза болған бес адамның жақындарының аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

2 мамырда Алматының Бостандық Алматының Бостандық ауданының №2 соты оқ тиіп қаза болған бес адам - Серік Керімовті, Қанат Әубәкіровті, Нұрболат Қасымжановты, Аслан Уәлиевті және Шыңғыс Тастанбековті "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуылдады" деп соттаған. Сот бес адамды қаза табуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Марқұмдардың туыстары үкіммен келіспей, оларды ақтауды талап етіп, апелляциялық шағым түсірген еді.

Апелляциялық шағымды қараған Алматы қаласы сотының алқасы бес марқұмды айыпты деп таныған алғашқы инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Апелляциялық сотта марқұмдардың адвокаттары мен жақындары барлық айып алғашқы инстанцияда дәлелденбегенін, тергеу көрсеткен фото мен видеодағы адамдар жақындары емес екенін айтты.

Ал апелляциялық шағымды қараған сот алқасы "алғашқы инстанцияда іс заңға сәйкес зерделенді. Сотқа дейінгі тергеу барысында сараптамалар заңды және негізді тұжырымға келген. Сондықтан үкімді өзгертуге негіз жоқ" деп таныды.

Марқұмдардың жақындары бұл шешіммен келіспейтінін, енді кассациялақ сотқа шағым түсіретінін айтты.

- Күйеуім Алматыдағы президент резиденциясы маңында жерде жаралы жатқан адамға көмектеспек болғаны видеода бар, сол үшін атып тастады. Ал тергеу оның бұл ісін резиденцияға шабуыл жасау дейді. Әділетсіз ғой. Мен келіспеймін, Жоғарғы сотқа дейін барам, - дейді марқұм Қанат Әубәкіровтің әйелі Ләйлә Әлдибекова.

238 адамның өмірін қиған Қаңтар қырғыны бойынша сот процестері аяқталып келеді. Бас прокуратураның мәліметінше, елде 1600-ден астам адамға Қаңтар бойынша үкім шыққан. Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Атырау және Талдықорған қалаларында жүздеген адамның соты өткен. Оларға "жаппай тәртіпсіздік", "қару-жарақ ұрлау", "ғимараттарды басып алу" және өзге де баптар бойынша айып тағылған. Елде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған біраз адам рақымшылық заңымен босап шыққан.

Осыған дейін кейбір айыпталушылардың жақындары мен адвокаттары тергеу органдары істерді "біржақты қарағанын" айтып, "тергеу органдарының әділетсіздігіне" шағымданған. Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған азаматтар қаза болған марқұмдарды ақтауды талап етіп, Астанаға дейін де барған. Олар "жақындарының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы барын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоғын" айтып, "әділетсіз үкімдердің" күшін жоюды сұраған. Осыған қатысты сұрақтарға жауап берген билік пен құқық қорғау орган өкілдері "тергеу мен сот процестері әлі толық аяқталмағанын" алға тартып келеді.

Қаңтар кезінде оққа ұшқан және азапталған азаматтарға қатысты шағымдардың басым бөлігі қаралмағанын құқық қорғаушылар мен белсенділер, саясаткерлер сынаған.

Қаңтар бойынша құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің бірқатары "билік өкілетін асыра пайдалану", "әрекетсіздік таныту", "азаптау" баптары бойынша жауапқа тартылған. Алайда құқық қорғаушылар "Қаңтардағы қантөгістің шындығы толық ашылмады, бейбіт наразылардың өліміне кінәлілер толық жауапқа тартылған жоқ" деп есептейді. Билік Қаңтарды халықаралық дәрежеде тергеу жөнінде бастама көтерген құқық қорғаушылардың ұсынысын кері қайтарған.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Два дня, наполненных театром, музыкой, книгами и наукой, — в Парке Горького во 2-й раз прошел Московский детский фестиваль искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Городские вокзалы объединяют маршруты



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Metallica

Metallica выложили видео с концерта в Мюнхене, на котором был ливень с грозой




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Росгвардейцы обеспечили безопасность во время футбольного матча в Москве

Среди сотрудников уголовно-исполнительной системы Республики Дагестан определили лучшего гроссмейстера

Баскетболисты из Лобни завоевали золото на турнире Moscow Open


Даниил Медведев

Медведев вышел в 1/8 финала «Ролан Гаррос» — 2024



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Юбилейный Международный форум «Экология» пройдет в Москве 4 и 5 июня



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России