Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июнь
2023

Семейде Қаңтарда изоляторда қаза болған азаматтың өлімі: екі полиция қызметкерінің бостандығы шектелді

0
Семейде Қаңтарда изоляторда қаза болған азаматтың өлімі: екі полиция қызметкерінің бостандығы шектелді

15 маусымда Семей қаласының №2 сотында Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша қамау изоляторында қаза болған Елдос Қалиевтің өліміне байланысты айыпталған екі полиция қызметкері Арайлым Ақылбекова мен Қайрат Әнуарбековке үкім оқылды. Сот "Салғырттық" бабы бойынша айыпталған екі қызметкердің бостандығын үш жылға шектеді. 

"Ақылбекова ұсталған адамды әкелген кезде уақытында тіркемеген және оның полицияда отырғанына үш сағаттан асып кетсе де кезекші Әнуарбековке хабарламаған, осылайша міндетіне салғырт қараған" деді соттың баспасөз қызметі.

Ал Әнуарбеков өз кезегінде Ақылбекованың әрекетін "қадағаламай", басшылыққа Қалиевтің полиция басқармасында тіркеусіз үш сағаттан астам уақыт отырғанын айтпаған. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Семейде Елдос Қалиевтің өліміне қатысты бір мезетте тағы бір процесс жүріп жатыр. Бұл істе Семей қалалық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айдын Азанбаев айыпталушы танылған. Оған "Азаптау" және "Билік өкілетін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Тергеу органдарының хабарлауынша, ол "анықталмаған адамдармен" Елдос Қалиевті азаптаған. 

Іс бойынша куәгерлер – Қалиевпен бір камерада отырғандар Қалиевтің ауыр соққыға жығылғанын, ауыр тыныс алып, еденде дөңбекшігенін айтқан. Камерада бірге отырғандар полиция қызметкерлерін шақырғанмен Қалиевке ешқайсысы келмеген. 

—Оны өлтірген – басқаша айту мүмкін емес. Медициналық сараптама жүргізілді: оның бір жағындағы қабырғалары ішке кіріп кеткен, бір аяғы тұтас көкпеңбек, басы ұрылған. Денесі тұтас ісіп кеткен. Саусақтары мен аяғының башпайлары ұрылған – мен мұндайды бірінші рет көрдім. Ол атлет емес, салмағы 60 килограмнан артық болмаған. Адамды хайуанша өлтіру. Маньяк тіпті фашистер де бұлай істемес еді. Ант берген құқық қорғау органдары қалайша мұндайға барды? – деді Елдос Қалиевтің жақын досы Талғам Исламов Азаттыққа. 

Келесі сот отырысы 19 маусымға тағайындалған. 

Елдос Қалиев 2022 жылы 10 қаңтарда ұсталған. Ол уақытша қамау изоляторында "жұмбақ жағдайда" қаза болды. 

Қазір Семейде Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, азаптаудан өлген Жандос Жотабаевтың ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол іс бойынша уақытша қамау изоляторының фельдшері Гүлмира Төлеубекова айыпталушы ретінде танылған. Оған "Кездейсоқ бір адамның өліміне әкелген медицина қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамау" (317-бап) бойынша айып тағылған. Сот үкімі 21 маусымда оқылады. 

Жотабаевтың өліміне байланысты бөлек процесте "Қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" (146-бап) бабы бойынша екі полиция қызметкері Әлішер Қанақынов және Ерсұлтан Ағзановқа айып тағылған. 

Жандос Жотабаев былтыр 6 қаңтарда ұсталған. Уақытша қамау изоляторында 17 қаңтарда қайтыс болды. Жандос Жотабаевтың бауыры 2022 жылы ақпанда зерттеу кезінде марқұмның өкпесінен сұйықтық табылғанын, мұндай жағдай қатты соққыға жығылған адамда болатынын айтқан.

— 11 қабырғасы сынған. Құжаттың қайда екенін білмеймін. Бізге түпкілікті қорытындысы бір айдан кейін болады деп айтқан. Алайда ол жерде қалай жазылатынын өздеріңіз білесіздер, – деген еді былтыр ақпанда марқұмның бауыры Ердос Жотабаев Азаттыққа. 

16 маусымға белгіленген сот 29 маусымға шегерілген. 

36 жастағы Семей тұрғыны Жандос Жотабаев 2022 жылы 6 қаңтарда "митингіге қатысқаны үшін" ұсталған. 

Бір күн бұрын бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жандос Жотабаевтың өліміне қатысты іс бойынша сотқа пікірін білдіріп "Адамды түрмеде азаптап, өлімші халге жеткізген, ал сотқа медицина қызметкерін тартып жатыр" деп наразы жазба жариялаған.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» спасает население от борьбы с перенаселением, 5 серия, СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Тимати

Мама Тимати ответила хейтерам, которые раскритиковали дебютное выступление ее 4-летнего внука в музыкальной школе: «Вас не научили видеть прекрасное в…




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

На ВДНХ пройдет Удмуртский национальный праздник Гербер

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России


Ролан Гаррос

Медведев пошутил о том, что часто проводит ночные матчи на турнирах «Большого шлема»



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Подмосковье приняло участие в научном медицинском форуме в Гомеле



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России