Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы-Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова— қазақ әншісі, КСРО халық әртісі. 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Орта жүз Найман тайпасының Бура руының Ырғақты тармағынан шыққан. Ол жиі музыка айтылатын отбасында өсті, әкесі скрипкада ойнағанды ұнататын, татар анасы жақсы ән айтқан. Б.Төлегенова өзінің өнер жолына келуінің бастауы туралы елімізге белгілі сайттарда берген сұхбаттарында айтқан екен. Әншінің айтуынша, оның тілі әнмен шыққан. "Шешемнің айтуынша, тілім әнмен шығыпты. Ол кезде оған мән берген кім бар? Кейін ойға оралып, еске түсіргеніміз ғой. Біздің Семейдің желі мен бораны тақымы бос адамды аттан аударып түсіреді. Боранның үскірігі мен желдің гуілі құлағыңа қасқырдың ұлығанындай дыбыс жеткізеді....