Шығыс Қазақстандағы ауылдың адамдары өзеннен су тасып ішеді
Шығыс Қазақстан облысы Топқайың ауылында тұратын 70 жастағы Гүлнара Таукенова ерте тұрып, өзеннен су алуға барады. «18 жасымда ауылға келін болып түскелі тіршілігіміз — осы» дейді. Аудан әкімі «таулы-тасты жерге құбыр тарту қиын болып жатқанын» айтады.