Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Август
2023

Алматы тұрғындары картон зауытын көшіруді талап етіп, наразылыққа шықты

0
Алматы тұрғындары картон зауытын көшіруді талап етіп, наразылыққа шықты

31 шілдеде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Alma City 5/2 тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй жанында орналасқан картон зауытының жұмысына наразылық білдіріп көшеге шықты. Тұрғындар зауыттан шығатын жағымсыз иіске шағымданып, оны басқа жаққа көшіруді талап етті. Зауыт өкілдері мен әкімдік бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты.

Зауыт алдына жиналған жұрт "Бізге таза ауа керек", "Уланып жатырмыз!" деп айқайлады. Плакаттарында картон қағазын шығаратын зауыттың ішіндегі қалдық төгетін орындар көрсетілген. Тұрғындардың айтуынша, бұл – химиялық су төгілген көлшіктер.

– Дәрігер маған үйде отыру керек деді, ал мұнда күндіз де, түнде де тыныс алу мүмкін емес. Жүректі айнытады, – деді бір тұрғын.

– Көшіп келгеніме төрт ай болды. Ауру балам бар, мынау не деген сұмдық? Кім жауап береді бұған? Бізге не үшін берді бұл үйді, бүйтіп берген үйі құрып кетсін. Мен тағы оны ипотекаға алдым, – дейді және бір тұрғын.

Тұрғындардың сөзінше, олар пәтер сатып аларда жанында зауыт барын, одан иіс шығатынын білмеген. "Балаларымыз аллергия болады, тынысымыз тарылады, басымыз ауырады" дейді ашулы халық.

Зауыт жанынан мемлекеттік мектеп салынған, онда 2500-ге жуық бала оқиды.

Наразылық шарасына Alma City-ден бөлек сол маңайдағы Алматы облысына қарасты "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің де тұрғындары келді. Олар картон зауытымен жеті жыл соттасқанын, бірақ одан еш нәтиже жоғын айтады. Тұрғындар сөзінше, зауыт ғимаратының сыртында да қалдық төгуге арналған орындар бар. Ол жақтан шыққан иіс "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніне барады.

Зауытқа иелік ететін KZ recycling компаниясы заң департаментінің басшысы Әлібек Жұмадуллаевтың айтуынша, қалдық төгуге арналған жерлер "сүзгі алаңдары" (поле фильтрации) деп аталады және ол жерлерге экологиялық рұқсаты бар.

– Өңдеуден, тазарту қондырғыларынан кейін судың 70 пайызы сүзгі алаңдарына кетеді, ал 30 пайызы жаңартылады. Зауыт ол суды қайта қолданады. Бізден бөлек сүзгі алаңдарына Абай ауылының тұрғындары, мешіт, мектептер қалдықтарын ағызады. Иісті азайту үшін бізде әрдайым жабдықты жаңарту, қосымша фильтрлеу жүргізіледі, – дейді Әлібек Жұмадуллаев.

– Зауытқа халықтан қағаз жүзінде шағым түскен жоқ. Зауытқа қатысты сот ісі де жоқ. "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің шағымдары бойынша сот шешімін көрген жоқпын, – дейді Әлібек Жұмадуллаев.

Компания өкілінің сөзінше, олар зауыт маңында тұрғын үй салуға болмайтынын айтып, құрылыс компаниясына хат жазған, компаниядан жауап болмаған.

Тұрғындар зауыт көшірілмейінше наразылықты жалғастыра беретінін айтты. Жиынды полиция бақылап, суретке, видеоға түсіріп алды. Оқиға орнына Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дандыбаев келіп, тұрғындар шағымынан хабардар екенін айтты.

– Бұл жерде 155 үй бар, 127 үй мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған. Оларды салуға архитектура басқармасы рұқсат берген. Санитарлық қорғау аймағын санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың өкілдері тексерген. Қазір зауыттан иіс шығады деген мәселе көтерілді. Қала әкімі айтқандай, бұл мәселе қарастырылып жатыр. Сондықтан уақыт керек. Бұл контейнер, вагон емес, бір аптада кранмен көтеріп, апарып тастайтын зат емес, – деді әкімдік өкілі.

Оның айтуынша, Алматыда өндіріс орындарына арналған индустриялық аймақ бар, картон зауытын сол жаққа көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Алайда зауыт нақты қашан көшетіні белгісіз. Бұл туралы Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Түленбаев та айтты.

– Қазір бұл кісілерге индустриялық аймақтан жер берілгелі жатыр. Бұл бір күнде шешілетін дүние емес. Жер телімі анықталса, зауыттың көшуіне, салынуына, инфрақұрылымына байланысты жоспар болады. Сондықтан сіздер бастамашыл топ құрыңыздар. Айқай-шудан ештеңе шешілмейді, – деді Елжан Түленбаев.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»





Москва

Книжные новинки, лаборатория текста и иллюстраций — ждут гостей Московского детского фестиваля искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: 1 июня начнется фестиваль «Лето в Москве. Все на улицу!»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Волочкова

Маленький Душанбе под крылышком щедрой балерины: загородный особняк Анастасии Волочковой наводнили особенные таджики




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Вышел второй подкаст онлайн-лектория «Иннагрика» о возможностях аграрной генетики для молодых исследователей

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете


Надежда Петрова

Теннисистка Петрова: Карацеву не хватает игровой уверенности



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Симферополь

Сожалеют, что бросающих черепах не бросили в тюрьму



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России