Журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің әуелде ашық болады деп хабарланған сотын судья жабық өткізу туралы шешім шығарып, жиналғандардың көбі залға кіре алмай қалды. Адвокат судьяның өзіне сенімсіздік білдірді. // Қырғызстанда тәуелсіз БАҚ-қа қысым күшейіп келеді. Сот «Клооп Медиа» қоғамдық қорын жабу туралы шешім шығарды. Редакция қарсы шағым әзірлеп жатыр. // Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықтан қаза тапқанына 18 жыл болды. Азаттық оны ұстап әкеткен "Арыстан" жасағының командирімен сөйлесті.
Алматы облысы Қонаев қаласында журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің соты басталды. Әуелде ашық болады деп хабарланған процесті судья жабық өткізуге шешім шығарды. Журналисті қолдап жиналғандардың көбі отырысқа кіре алмады.
Қырғызстан билігі елдегі танымал тәуелсіз басылымның бірі — Kloop басылымын түбегейлі жабуға тырысып жатыр. Қордың қудалануына былтыр жазда түсірілген прокурор арызы түрткі болған. Мемлекеттік айыптаушы "басылым материалдары билік беделіне нұқсан келтіреді" деп тапқан.
Әуелі билікте қызмет атқарып, кейін Қазақстан оппозициясындағы ықпалды тұлғаға айналған Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісімен бірге тура 18 жыл бұрын оққа ұшты. Тергеу жүрді, сот өтті. Бірақ қылмыстың құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Азаттық бұған дейін осы тақырыпта бірнеше материал жариялаған. Бұл да көп сұраққа жауап іздеген кезекті ұмтылыс. 2006 жылы сотта аты-жөні аталған билік өкілдері мен тергеуге қатысқан жауапты тұлғалар Азаттық сұрағына не деп жауап берді? Саясаткер Ғалымжан Жақияновқа АҚШ-та... Читать дальше...
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
103news.com — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.
Музыкальные новости