Швеция НАТО-ға толық мүше болды. || Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы ауысты. || Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп, азаматтыққа тапсыратындар бұдан былай құжаттарына апостиль жасатуға міндетті.
Ұлттық олимпиада комитетін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардер күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған жылдары бірлестіктің құзіреті кеңіп, спортшылардың халықаралық бәсекелерде көрсеткіші төмендеді. Есеп комитеті мемлекет бюджетінен бөлінген миллиардтардың тиімсіз жұмсалғанын айтты.
Қазақстан билігі Қытайдан қоныс аударған қандастардан құжаттың түпнұсқалығын дәлелдейтін апостиль таңбасын талап ете бастады. Онсыз азаматтық берілмейді. Апостиль таңбасын алу үшін құжат берілген елге қайту керек.
Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін 8 жыл басқарған миллиардер Тимур Құлыбаев бұл қызметтен кетіп, орнына әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келді. Кейінгі кезде Қазақстанның халықаралық додалардағы нәтижесінің төмендеп кеткенін жанкүйерлер мен сарапшылар Құлыбаевтың жұмысымен байланыстыратын. Жаңа қызметке бәсекесіз сайланған Головкин ҰОК жұмысын жандандыра ала ма?
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
103news.com — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.
Музыкальные новости