Алматыда жыл басынан бері 4 адам менингококк инфекциясын жұқтырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 4 адам менингококк инфекциясын жұқтырған. Оның 2-еуі 14 жасқа дейінгі бала, біреуі жасөспірім(15 жас) және біреуі ересек адам. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.