1 маусымнан бастап бірқатар алтын және күміс монеталар онлайн сатылымға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі интернет-дүкен арқылы алтын мен күмістен дайындалған коллекциялық монеталар сатылымы басталатынын хабарлады. Сатып алушы оларды аумақтық филиал кассасынан өз бетінше алып кете алады. Дәл осы опциямен сату 1 маусым күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.