Абай облысындағы өрт: қайғылы оқиғаның себебі және одан қандай сабақ алу керек
АСТАНА ҚазАқпарат - Семейдегі тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ерлікпен қаза тапқан 14 батырдың құрметіне 12 маусым – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Алапат өрт 8 маусым күні басталған болатын. Семей орман резерватынан басталған өртті алғашында аймақтағы өрт сөндірушілер мен орманшылар өз күшімен сөндіруге әрекет еткен. Алайда өртті ауыздықтау мүмкін болмады. Өрт апаты айтып келмейді. Дегенмен әрбір оқиғаның себебі мен салдары болатыны белгілі. Осы тұста қайғылы оқиға туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының мақаласында.