Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan! белсендісін ұстап босатты
22 маусымда Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan! белсендісі Айдос Темірғалиевті ұстап, 4,5 сағаттан кейін босатқан. Бұл жөнінде қозғалыстың Телеграм-арнасы хабарлады. "Оған қарсы әкімшілік істі қозғай алатынын ескертіп, түсініктіме жазғаннан кейін полиция басқармасынан босатып жіберді. Қамауда шамамен 4,5 сағат болды" деп жазылған қозғалыс хабарламасында. Oyan, Qazaqstan! белсендісі Айдос Темірғалиевті полиция бейсенбі күні түстен кейін ұстап, Бостандық ауданының полиция басқармасына апарған еді. Читать дальше...