Мамандығымыздың артықшылығы үлкен жауапкершілік жүктейді - Марат Қожаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – Марат Қожаев 30 жылдан бері құқық қорғау органдарында табан аудармай жұмыс істеп келеді. Оның полиция болу ниетіне жас кезінде тергеуші жайлы оқыған кітабының әсер еткені бар. Бүгінде ол еліміздің Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет етіп жүр. ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында ол өмірлік жолы, министрліктегі жұмысы, қызметкерлердің өлімі және таяуда елордадағы банк қызметкерлерін кепілге алу оқиғасы жайлы егжей-тегжелі айтып берді.