ISW: Суровикиннің қамалуы Путин "адалдық танытпаған тұлғалардан арылғысы" келетіндігінің белгісі болуы мүмкін
Ресей армиясының генералы Сергей Суровикиннің қамалуы бұл Кремль қорғаныс министрлігіндегі "адалдық танытпаған" тұлғалардан "арылғысы" келетіндігінің нышаны болуы мүмкін. Соғысты зерттеу институтының кезекті хабарламасында осындай тұжырым жасалады. "Ресей билігінің Суровикинді қамағаны рас болып шықса, бұл Кремль "бар кінәні" Суровикин мен оған қатысты тұлғаларға жабу арқылы Ресей әскері мен ішкі қауіпсіздік органдарының бүлік кезіндегі әлсіздігін ақтап алу талпынысынан хабар береді" деп жазады сарапшылар. Читать дальше...