Сианьда Алматыға дейінгі халықаралық достық велошеруі басталды
СИАНЬ.ҚазАқпарат – «Сиань-Алматы» достық велошеруіне қатысушылар сейсенбі күні Сиань қаласынан (Шэньси провинциясы) шықты. ҚХР аумағындағы ежелгі Жібек жолы арқылы өтетін шеруге Қытайдан 30 велошабандоз қатысуда. Қазақстан аумағына өткенде оларға қазақстандық спортшылар да қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.