Қор нарығында доллар бірден 5,81 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,81теңгеге қымбаттады.