"АрселорМиттал" тағы бір шахтада өрт болғанын хабарлады
"АрселорМиттал Теміртау" тағы бір шахтасында өрт болғанын хабарлады. Компанияның айтуынша, бұл жолы өрт 27 тамызда түнгі сағат 1:55-те "Сарань" шахтасында болған. "Өртті кәсіби әскери құтқару қызметі бөлімінің күштері сөндірді. Барлық жұмысшы жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр" деп жазылған компания хабарламасында. 17 тамызда Қарағанды облысы Шахтинскідегі "АрселорМиттал Теміртауға" тиесілі "Қазақстан" шахтасында өрт шығып, 5 адам қаза болған еді. Читать дальше...