Kaspi Bank ғимаратын басып алған жігіт оның алдында өзін өлтіру үшін дәрі ішкен
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл маусымда қаруланған белгісіз ер адам елордадағы Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасаған еді. Бұл жағдай қоғамды дүрліктіріп, оқиға орнына еліміздің Ішкі істер министрі мен елорда әкімі келді. Бүгін іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.