Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2023

Forbes.kz: Қазақстандық жазушы Ресейдің ЛГБТ туралы заңынан зардап шекті

0
Forbes.kz: Қазақстандық жазушы Ресейдің ЛГБТ туралы заңынан зардап шекті

Қазақстандық жазушы Марго Эрванд ресейлік баспагер Ресейде қабылданған "ЛГБТ туралы" заңды алға тартып, кітабын сатылымнан алып тастауға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Forbes.kz сайты жазды. 

Марго Эрвандтың айтуынша, былтыр қарашада оған ресейлік баспагер хат жазып, Ресейде "ЛГБТ насихаты" туралы заңның қабылдануына байланысты өзінің кітаптарын тексеріп шығуды өтінген. Аталған заңды орындамағандарға 200 мың рубль (қазіргі доллар бағамы бойынша 1 млн 120 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Эрвандтың айтуынша, бірнеше күн бұрын тағы хат келіп, баспагер оның кітаптарының бірінен "тыйым салынған контент" тауып, оны қысқартуды немесе түзеуді я кітапты сатылымнан алып тастауды сұраған. 

"Егер мен ол кейіпкерді алмасам – кітапты сатылымнан алып тастап, маған айыппұл салатын еді және маған төленетін роялтидің бәрі соны өтеуге жұмсалушы еді. Әрине, мен қайта жазған жоқпын, сүйтіп кітапты сатылымнан алып тастадым" деді жазушы Forbes басылымына. 

Эрвандтың айтуынша, ресейдегілер "Соблазны одиночества" атты кітабындағы жанама кейіпкерлердің біріне "шүйлігіп отыр". 

– Ол жерде ешқандай үгіт-насихат жоқ. Ол қазіргі өмірден алынған факт. Оның үстіне кітаптың мұқабасында "+18" деп тұр. Яғни, мен өзімді кәмелетке толмағандарға жазатын автор ретінде көрсетіп отырған жоқпын, – деді жазушы. 

"Соблазны одиночества" кітабы Ресейдегі барлық онлайн әдеби платформаларда сатылған. Кітап қағазбен басылып шықпаған. 

"Мен табысымнан айырылып қалдым деп қамықпаймын, тек бір мезетте менің еңбегімді құнсыз қылып, тыйым салып тастағанына қынжыламын. Ересек адамдарға ЛГБТ жайлы айтылған тұстары бар әдебиетті оқуға тыйым салып жатса, бұл менің ойымша, жазушы ғана емес, барлық адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу" деді жазушы.  

Аталған кітап 2022 жылы жазда шыққан. Марго Эрванд оны тарату үшін ешқандай жарнама жасамағанын айтады. Ол енді Ресейде кітаптарын шығарып жүрген барлық қазақстандық авторлар аталған заңнан зардап шегуі мүмкін дейді: оларға "ЛГБТ жайлы мәліметтерді өшіруіне" немесе өзге нарықты іздеуіне тура келеді дейді. Жағдай ушықса, алдағы уақытта жаңа табу пайда болуы да ғажап емес дейді.

Жазушы, журналист, Forbes.kz колумнисі Марго Эрванд төрт кітаптың авторы. Екеуі ағылшын тіліне аударылған. Ridero баспасымен жұмыс істейді. Оның еңбектерін Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Бразилия және өзге елдерде оқиды. 

Ресейде "ЛГБТ насихатына" тыйым салу туралы заң 2022 жылдың соңында күшіне енген. Заңға сәйкес, талаптарды орындамаған жеке және заңды тұлғаларға ірі айыппұл салынады, ал шетел азаматтары елден күшпен депортациялануы мүмкін. Құқық қорғаушылар құжатты сынаған. ЛГБТ топтармен жұмыс істейтін құқық қорғаушылар мен белсенділер жаңа заң ЛГБТ+ ұйымдарына көмектесетін қоғамдық ұйымдардың жұмысын тоқтатып тастайды деп қауіптенген.





Губернаторы России
Москва

Столичный мэр реорганизовал управы в ТиНАО





Москва

Россия, Культура, Дети: конкурс на новую эмблему обьявил Театр Ульгэр в Республике Бурятия


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Столичный мэр реорганизовал управы в ТиНАО



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Игорь Бутман заявил, что Пугачева ему безразлична, и назвал ее ЖКП




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Инсайты, стратегии и нетворкинг для профессионалов: 21 июня пройдет ежегодный форум «Спорт и Бизнес»

Стартовал финальный этап всероссийского футбольного турнира «Будущее зависит от тебя»

В ЦСКА рассказали о тяжести травмы голкипера Владислава Торопа


WTA

Азаренко вышла в четвертьфинал турнира WTA-1000 в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Жизнь

Новые городские проекты в сотрудничестве с парком Юрия Лужкова готовит Фонд Юрия Лужкова



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России