Қарағандыда тағы бір белсендіге "ерте үгіт-насихат" жүргізгені үшін айыппұл салынды
2 наурызда Қарағанды әкімшілік соты мәжіліс депутаттығына үміткер 30 жастағы Теміртас Нағыметуллаевты "ерте үгіт-насихат жүргізгені үшін" кінәлі деп танып, 51 750 теңге (шамамен 120 доллар) көлемінде айыппұл салды. Сот онлайн өтті. Прокуратураның хабарлауынша, Нағыметуллаев 17 ақпанда, яғни үгіт-насихат кезеңі басталмай тұрып, Facebook-парақшасында сайлауға қатысты екі жазба жариялаған. Дәлел ретінде прокурор екі скриншот көрсетті. Жазбаның бірінде Нағыметуллаевтың кандидат ретінде тіркелгені жөнінде айтылады. Читать дальше...