Қаңтарда "әуежайды басып алу" ісіне байланысты сот процесі басталды
Алматының Наурызбай аудандық сотында былтырғы Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу" ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл іске қатысты белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовтен бөлек тағы үш адам – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменовтер айыпталып отыр. Әйгерім Тілеужаннан өзге төрт айыпталушы былтыр көктемнен бері қамауда, ал Тілеужан – үйқамақта. Судья келмей тұрып, айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. – Маған тағылған айыптардың ешқайсысымен келіспеймін. Читать дальше...