ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында 2023 жылы Ұйым әскерлерінің (Ұжымдық күштердің) бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу бойынша алғашқы келіссөздер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Біріккен штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.