«Қазақалтын» жұмысшыларын қысқарту: уағдаластыққа қол жеткізілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Қазақалтын» серіктестігінің бір мыңнан астам қызметкері қысқарту туралы хабарлама алғаннан кейін, Бестөбе кентінде наразылықтар басталды. Кәсіпорын басшылығы жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп, уағдаластыққа қол жеткізілді. Келісім кеніш қызметкерлерін де, кент тұрғындарын да қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.