Махмұд Ғазнауи және Аяз
Сұлтан Махмұд Ғазнауи заманында ауылдан шыққан Аяз есімді жас жігіт зеректігі, еңбекқорлығы және адалдығының арқасында бас уәзірлік дәрежесіне дейін көтеріледі. Аяздың даңқының артуы, оған патша тарапынан беріліп жатқан сый-сыйапаттардың, ихсандардың артуы, яғни табысының жоғары болуы оны күндеп жүрген біршама бектердің мазасын қашырған болатын. Осындай мәндегі сөздер сұлтанның құлағына да жетіп, кейде өздері де сұлтанға мұны меңзеп мұң шағатын. Патшаның мемлекет ақшаларын мұндай қадірсіз, ауылдық, көшпенді шаруаның баласына төлеуінің алдын алмақ болады.
Сұлтан бір күні 30 шақты бектерімен аңға шығады. Жолда ұзақта кетіп бара жатқан керуен көрінеді. Бектердің біріне «Мына керуенге барып сұрашы, қайдан келе жатыр екен?» дейді. Бек дереу барып,...