Астанада эскалаторда болған ТЖ: оқиға видеоға түсіп қалған
Астананың сауда орталықтарының бірінде эскалаторда болған төтенше жағдай видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде "Сарыарқа" СОО-да орнатылған бейнебақылау камераларынан түсірілген кадр тарап жатыр. Видеода эскалатор кенет жылдамдықты күрт арттыратын сәт бейнеленген. Осы кезде эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Бірақ ешкім ауыр жарақат алмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!