Норвегияның солтүстігінде қар көшкіні жүріп, төрт адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Норвегияның солтүстігінде бірнеше рет қар көшкіні жүріп, төрт адам қаза тапқан. Оның екеуі турист болса, екеуі жергілікті тұрғын. Сондай-ақ, бірнеше адам зардап шеккені хабарланды. Ауа райының нашарлығы құтқару жұмысына кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.