Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді. Бұл туралы діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.