Қарағанды облысында биыл 50 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл жұмыссыздықпен күресу үшін нақты шаралар қолға алынды. Олардың арасында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, зейнет жасына дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарлама, жеңілдікпен несиелеу және өтеусіз гранттар беру сияқты бағдарламалар бар.