Қазақстанның ядролық энергетикалық инфрақұрылымды дамытудағы жетістігі жоғары бағаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ядролық инфрақұрылымды шолу жөніндегі алдыңғы миссиясының ұсынымдарын орындауда прогресске қол жеткізді, деп хабарлады бүгін АЭХА халықаралық сарапшыларының тобы.