Қызылордада күшті жел шатырларды ұшырып, тұрғын үйлер электр жарығынсыз қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыз болуына байланысты бірқатар аумақта электр желілері ажыратылған. Қазалы ауданында жылу мекемесінің мұржасы ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.