Лондонда қазақстандық электрондық оқулықтардың TopIQ платформасы таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электрондық оқулықтардың TopIQ қазақстандық платформасы бүкіләлемдік байқауда үздік деп танылып, екінші орынды иеленген болатын. Стартап жоба мектепке ауыр сөмке тасымай, кітапта бар бүкіл ақпаратты онлайн көруге көмектеседі. Идея авторлары Лондонда өткен Білім беру технологияларының халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.