Алматыда 15 мыңға жуық бала қызылшаға қарсы екпе алмаған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызылша жұқтыруға қатысты тіркелген 91 жағдайдың 73-інде сырқат зертханалық жағдайда расталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.