Бензиннің тоннасы 214 584 теңге – министрлік жанармайдың көтерме саудадағы шекті құнын бекітпек
АСТАНА. ҚазАқпарат – АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасы үшін 214 584 теңге болып бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.