Қазақстандық компаниялар Әзербайжанда 55 млн долларды құрайтын экспорттық келісімдер жасады
БАКУ. ҚазАқпарат - 4-6 сәуірінде Баку қаласында өткен сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар 55 млн доллар сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл туралы ҚазАқпарат «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.