Жаңа ғасыр мамандығы - мәдениттану
Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», – демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті !
Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Мен де осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып , жаңа бір белеске аяқ бастым. Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманыма айналған білім ордасы, қазіргі кезде шындыққа айналып, сонау ару қалам- Шымкенттен ат терлетіп, арман қала – Алматыға бас тіреген жайым бар. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар...