Кітап алуға кетіп, оралмады: Астанада 12 жастағы бала табылды
Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.
Балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ОО "Волонтеры Астаны LIDER.KZ" (@_astana_volontery_lider.kz)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!