Астанада биыл 1 млн ағаш пен бұта отырғызылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жасыл аумақтың көлемі артады. Биыл елордада миллион жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Оның 500 мыңы қалада, тағы осындай мөлшері Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.