Мұнай жеткізілімін арттыру, гуманитарлық байланысты нығайту – Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері қандай уағдаластыққа келді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті қабылдап, шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық, гуманитарлық-мәдени байланыстырды тереңдету, сонымен қатар халықаралық және өңірлік күнтәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.