Ақмолада кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген. Бұл туралы Атбасар қаласының кәсіпкерлері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.