Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Апрель
2023

Әлем музыканттарының басын қосады. The Spirit of Tengri фестивалі қайта оралды

0

Қысқа үзілістен кейін The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі Алматыға оралады.

The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне биыл 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстандағы ең танымал және адамдар асыға күтетін мәдени оқиғалардың біріне айналды. Сонымен қатар өзінің өзгермейтін құндылықтарын қалыптастырды.

"Бұл шынымен де пандемиядан бұрын болған фестивальдің ұзақ уақыттан кейін қайта оралуы. Былтыр күзде The Spirit of Tengri-дң жаңа туындысы – Etnotronica Almaty электронды этномузыка фестивалі өтті. Мен осы екі жобаның арасындағы нақты айырмашылық бар екенін айтқым келеді. Дәстүрлі фестивальдің қайта оралуы біз үшін, оны ұйымдастырушылар үшін және барша алматылықтар үшін маңызды. Музыка бақыт, тыныштық және махаббат сыйлайды. Музыканың арқасында соғысты, саясатты, қақтығысты ұмытып, әртүрлі этностар мен халықтардың бірігіп, бір сахнада қалай шығармашылықпен айналысатынын көру де ерекше. Қазір біздің әлемге ең қажет дүние – бейбітшілік", - дейді Alash Media Group холдингінің бас директоры Зәуре Қазыбаева.

Бірнеше жыл бойы фестиваль құндылықтарын Алматы қаласының әкімдігі қолдап келеді. Оның бас серіктесі – Magnum Cash & Carry және ресми серіктес – Kaspi.kz. Іс-шара Республика сарайының алдындағы Абай алаңында 10-11 маусымда ашық аспан астындағы алаңда өтеді. Бұл күндері синоптиктер де ашық ауа райы болатынын болжап отыр.

"Біз адамдарды жақындастыратын, өмірді жақсартатын және жарқын ететін жобаларды қолдаймыз! Мысалы, Kaspi.kz көп жылдар бойы Алматы марафонының бас серіктесі. Бұл шара адамдарды спорт пен салауатты өмір салты төңірегінде біріктіреді. Ал Spirit of Tengri фестивалін қолдауға қуаныштымыз. Бұл бізді халық музыкасының төңірегінде біріктіретін маңызды мәдени шара. Қазақстандықтарды қуантып, әртүрлі елдерден келген қонақтарды лайықты қарсы аламыз деген үміттеміз. Ұжымымыздың атынан мен фестивальдің барлық қатысушыларына керемет музыкалық әсер тілеймін!" - дейді Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Фестиваль сахнасында Қазақстанның, Италияның, Иранның, Гананың, Сербияның, Испанияның, Венгрияның, Түркияның, Үндістанның, Грузияның, Қырғызстанның және Өзбекстанның мәдени дәстүрлерін көрсететін халық музыкасының үздік орындаушыларын өнер көрсетеді.

The Spirit of Tengri аясында халықтар мен мәдениеттердің бірігуі – фестивальдің негізін қалаушы Батыр Қазыбаевтың негізгі мақсаты еді. Өкінішке қарай, ол бір жыл бұрын өмірден өтті. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл мерейтой фестивалін жобаның негізін қалаушы – Батыр Қазыбаевқа арнайды.

"Енді он жылдан кейін The Spirit of Tengri ірі халықаралық мәдени хабқа айналатынына сенемін. Сондай-ақ, жоба аясында бірнеше елдің музыканты жиналады. Бұл жоба аясында әртістер тәжірибе жасауға жасқанбауы керек, сондай-ақ, олар өнерлері арқылы әлемнің кез келген жеріндегі адамдарды таңғалдыруына мүмкіндіктері бар. Фестиваль бір жүйеге түсіп, музыкада, кинода, IT-технологияда тренд жасап отыруы керек", - деген еді Батыр Қазыбаев.

Батыр Қазыбаев (алдыңғы қатарда, ортада) музыканттар және фестиваль ұйымдастырушыларымен бірге

"The Spirit of Tengri фестивалінің негізін менің досым Батыр Қазыбаев қалады. Ол осыдан бір жыл бұрын өмірден озды, бірақ қысқа да жарқын өмірі мән-мағынаға толы және үлкен игі істерге қол жеткізді. Ол адамдарды өте жақсы көретін, Алматыны жақсы көретін. Біздің елімізге сеніп, қазақ тілінің дамуына және ұлы даланың мәдени мұрасының сақталуына қолдау көрсетті. Батыр көптеген табысты БАҚ пен Орталық Азиядағы ең ірі этникалық музыка фестивалінің негізінің қалануына себеп болды. Осы ерекше жобаларымен оның өмірі жалғасып жатыр", - деді Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким.

10 жыл ішінде The Spirit of Tengri жай ғана музыкалық фестиваль емес, тұтастай алғанда дәстүрлі қазақ мәдениетінің басты философиясы саналатын халықтар мен мәдениеттердің біртұтас тұтастыққа қосылуының символына айналды.

Бұл жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру.

Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

10-11 маусымда фестивальде кездескенше! Кіруі тегін! Фестиваль туралы ақпаратты #LETSGOTOSPIRIT хэштегімен әлеуметтік желілерде бақылай аласыз.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Фонд музея-заповедника «Царицыно» собрал 61 тыс. произведений искусства





Москва

Книжные новинки, лаборатория текста и иллюстраций — ждут гостей Московского детского фестиваля искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Фонд музея-заповедника «Царицыно» собрал 61 тыс. произведений искусства



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Вольфганг Амадей Моцарт

Шуфутинский – по 8000, Моцарт – 800. Какие звезды и почем выступят в Ульяновске в июне




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России


Ига Свёнтек

Лишь две теннисистки моложе Свёнтек выигрывали 16 матчей подряд на «Ролан Гаррос»



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Раз нет протестов, будут санкции: как навальнисты и команда Ходорковского меняют стратегию борьбы с Россией



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России