Жаңаөзендік массажист: Өмірге деген құштарлығы кеміп, дел-сал күй кешкен жандарға көмегімді аямаймын
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі жаңаөзендік Людмила Башкенова 37 жасында өмірдің жаңа арнасына бет бұрып, жаңа кәсіпті игеруге шешім қабылдайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді мақсат еткен ол сүйікті ісіңмен айналысу еңбекке деген ықыластың артуына оң ықпал ететіндігін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.