Қазақстанда жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде Қазақстанда 600-ден астам кәсіптік стандарт бекітілген. Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.