СҚО-да орынбасарының жемқорлығы үшін аудан әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі өз орынбасары Серік Құсановтың сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тәртіптік жазаға тартылып, қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.