Жезқазған қаласында мектеп бухгалтері 17 млн теңгеден астам қаржы жымқырған
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласындағы мектептердің бірінде бухгалтер 17 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған. Әйел өзінің кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны қайтарып берді, алайда Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті істі сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.